Арал өңірінде туризм саласын дамытуға мұнай компаниясы үлес қоспақ

размер шрифта: Aa | Aa
05.03.2013 13:06

5 наурыз. Қызылорда облысы. Munaigaz.kz тілшісі. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Арал өңірінде 100 орындық пансионат-профилакторийдің құрылысы басталмақ. Шипалы сумен, тұзды батпақпен емдеуге арналған сауықтыру орны Қамбаш көлінің жағалауына салынады. Құрамында йодттың көп мөлшері бар су айдыны туризм мен демалуға таптырмайтын ерекше жер. Суы мөп-мөлдір, табиғаты әсем.

Арал өңірінде туризм саласын дамытуға мұнай компаниясы үлес қоспақ

Арал теңізіне жақын орналасқан осы көлді демалыс орнына айналдыруға  мұнай  өндіруші компаниялардың бірі мұрындық болып отыр. Атап айтсақ, «Саутс ойл» ЖШС пансионаттың құрылысына 450 млн теңге бөлді. Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде қолға алынған. Екі мың адамды қабылдауға есептелген нысанда демалушыларға арнап спорттық-сауықтыру алаңдарын салу көзделіп отыр.  Жоспар бойынша пансионат-профилакторий 2014-ші жылы іске қосылуы тиіс. Бұйыртса, осы нысан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықапралық автодәлізі бойындағы ірі демалыс аймақтардың біріне айналмақ.

5 наурыз. Қызылорда облысы. Munaigaz.kz 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту