Сенат комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай жеткізудегі сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2013 14:32
Бүгін Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінде «Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды. Аталған Келісім 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған болатын. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін реттеу болып табылады.

Келісімнің шарттарымен Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу кезінде туындайтын, Ресей Федерациясының бюджетіне түспейтін кірістерді кейін өтеу үшін біздің елдің аумағынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерге мұнай өнімдерін эскпорттауды жүзеге асыруға байланысты сомаларды Ресей Федерациясының бюджетіне Қазақстан тарапының есептеуі мен төлеуі тәртібін (әдістемесін) айқындау көзделеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған болатын. Хаттамамен негізгі Келісімнің 6 және 7-баптарына өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес Қазақстан Республикасының  ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу екі мемлекеттің аумақтарында мұнай өнімдерінің бекітілген индикативтік баланстарының параметрлері көлемінде Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша жүргізіледі.

Хаттамамен Келісімге енгізілетін өзгерістер 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытына Ресей мұнайының және Ресей өндірген ашық түсті мұнай өнімдерінің кепілді түрде жеткізілуіне ықпал ететін болады.

Заң жобалары палатаның қарауына жіберілді.

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат
Ключевые слова: СенатҚазақстан және РесейЗаңМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту