Қашағандағы апат ұңғыманың герметизациясын жою кезінде орын алды

размер шрифта: Aa | Aa
07.03.2013 13:10
2 наурыз күні апат орын алған Атырау облысындағы Қашаған теңіз кен орнында мұнай немесе күкіртті сутектің төгілуі болған жоқ, деп мәлім етті Атырау табиғатты қорғау прокуратурасынан.

«Қауіпсіз аумаққа көшіру жарияланбады. Экологияға зардап келген жоқ, сондықтан оқиғаны ТЖ бойынша қызметтер тергеуде», - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Төтенше жағдай «Д» жасанды аралында герметизацияны жою кезінде жабық өндіруші ұңғымалардың бірінде орын алды. НКОК компаниясының баспасөз қызметі бұл фактіні теріске шығарған жоқ. Олар хат жолдауға кеңес берді, соған орай ресми жауап дайындалатын болады. 

Бірақ Қашаған кен орнында болған апат жайлы толық ақпарат жоқ. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында Каспий теңізінің шельфінде мұнай операцияларын жүргізіп жатқан консорциум алып кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бұрын мәлімделгендей осы жылдың наурыз айында емес, маусымында басталатынын жариялады.


АТЫРАУ. 7 наурыз. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Атырау облысыӨнеркәсіпҚоғамҚазақстандық тауарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту