Келесі жылға дейін Павлодар мұнай зауытына Ресей мұнайы кепілді түрде келіп тұрады - Парламент

размер шрифта: Aa | Aa
07.03.2013 13:15
 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы қабылданды.

  Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Осы Хаттамаға орай, жоғарыдағы келісімнің 6 және 7-баптарына өзгерістер енгізу көзделген. Оған сәйкес, Қазақстанға мұнай өнімдерін жеткізу мәселесі Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін екі мемлекеттің аумақтарында мұнай өнімдерінің бекітілген индикативтік баланстарының параметрлері көлемінде тараптардың құзыретті органдарымен келісілген номенклатура бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, хаттамаға енгізілетін өзгерістер 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін мұнай өнімдерінің ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар мұнай-химия зауытына Ресей мұнайының және Ресей өндірген ашық түсті мұнай өнімдерінің кепілді түрде жеткізілуіне ықпал ететін болады.

 Басты сөздер: 

АСТАНА. 7  наурыз. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ПарламентМұнай-газҚазақстан және Ресей
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту