Жыл басынан бері КҚК бойынша Новоресейге 5 млн.тонна мұнай жөнелтілді

размер шрифта: Aa | Aa
11.03.2013 13:20
2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында Каспий мұнай құбыры консорциумы (КҚК) бойынша жалпы көлемі 5 млн. тонна мұнай жөнелтілді, деп хабарлады консорциумның баспасөз қызметі.

Қаңтар айында Атырау облысындағы Теңіз кенішінен құбыр арқылы РФ-ның Новоресей айлағына 2 млн. 486 мың тонна мұнай, ақпанда - 2 млн. 520 мың тонна шикізат жөнелтілді. Өткен жылы екі айдың ішінде КҚК бойынша Новоресей айлағына 4 млн. 907 мың тонна мұнай жөнелтілген болатын.

Еске сала кетейік, 2011 жылғы шілдеден бастап КҚК құбыр жүйесін кеңейту жобасын жүзеге асыруда. КҚК қуатын арттыру жобасы аяқталғаннан кейін мұнай жөнелту көлемі 67 млн. тоннаға жетпек. Жобаның құны 5,4 млрд. долларға бағалануда.

 Басты сөздер: 

АТЫРАУ. 10 наурыз. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту