«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың таза табысын 30 пайызға жоғары болжайды

размер шрифта: Aa | Aa
11.03.2013 17:27
«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылдың таза табысын 2012 жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары болатындығын болжайды.

altБүгін Астанада 2012 жылдың қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін қорытындылаған брифинг барысында «ҚазТрансойл» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин осылай мәлім етті.

«2012 жылдың желтоқсан айынан бастап біз экспортқа да, ішкі тасымалға да тарифті көтердік. Соның есебінен 2013 жылы компанияның таза табысы былтырғыға қарағанда одан сайын жоғарылайды деп күтілуде. Яғни, инвестициялық меморандумға орай компанияның табысы айтарлықтай өседі, шамамен 30 пайыз шамасында өсімге қол жеткізуді болжаймыз», - деді Қ. Қабылдин.

Басқарма төрағасының айтуынша, бұған дейін Қазақстан-Қытай мұнай құбырына тариф уақытша негізде бекітілген болатын.  «Соған байланысты біз бірінші кезекте тасымалдау шығындарын жабуға, сондай-ақ осы жобаны жүзеге асыру үшін тартылған заемдарды өтеуге сәйкес қызметтерді қамтамасыз етеміз. Тарифтерді арттыру да бір жағынан соған негіз болуда», - дейді төраға.  


АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат  
Ключевые слова: ӨнеркәсіпҚазақстандық тауарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту