Қашаған жобасы да арнайы экспорттық жүйені иеленуі қажет - Қ. Қабылдин

размер шрифта: Aa | Aa
11.03.2013 17:31
Қашаған жобасы да арнайы экспорттық жүйені иеленуі қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында «ҚазТрансойл» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

Басқарма төрағасының айтуынша, Қашаған жобасынан келешекте күніне 1 млн.-1 млн. 200 мың тонна мұнай өндіру жоспарланады. «Әрине, осыған орай Қашағанға арнайы экспорттық жүйе керек. Егер Каспий құбыр желісі консорциумы кезінде Қарашығанақ пен Теңіз кен орындарына бейімделген, яғни осы жобалармен үндескен болса, біздің ойымызша Қашаған да арнайы экспорттық жүйені иеленуі керек», - деді Қ. Қабылдин.

Оның айтуынша, Қазақстан-Каспий транспорттық жүйесі бұндай экспорттық бағытқа негізделуге мүмкіндігі бар. «Дегенмен, бүгінгі күні аталған жоба бойынша белсенді түрде экспортық жүйелер даярлау жүзеге асып жатқан жоқ. Өйткені, Қашаған жобасының аясында келесі кезектегі жобалар әлі санкцияланбаған. Жалпы, мұндай жобаларға «ҚазТрансОйл» компаниясы қатысуға мүдделі», - деді Қ. Қабылдин.

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту