ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

размер шрифта: Aa | Aa
13.03.2013 17:32
Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішінде жұмыс қайта жанданды. Естеріңізде болса,  наурыздың 10-11 күндері мердігерлік «OSC» (Oil Service Company) компаниясының жұмысшылары айлықтарын көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан. Осыған орай 12-наурызда «Ақтаунефтьсервис» ЖШС мекемесінің басшылығы БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Аталған мекеме бас директорының орынбасары Тойлыбай Сатыбалдиевтің айтуынша, жексенбі күні «Oil Service Company» мекемесінің 100-ден аса жұмысшысы түнгі ауысымға шықпай, наразылыққа шығып, дүйсенбі күні бұларға тағы 200 жұмысшы қосылған. Сөйтіп, шамамен 300 адам жұмысқа шықпай қалды. Бұған жалақының аздығы себеп және олар қауіпсіздік саласына жуапты қызметті алып тастауды талап етеді.

ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Жұмысшылармен кездесу үшін компания басшылары мен Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары, аудандық прокурор дереу оқиға орнына жетті. Олар келіссөз жүргізбек болғанда ереуілшілер облыс әкімі Алик Айдарбаевтың келуін талап етті. 11-наурыз күні сағат 15:15-те Қаламқас кенішіне аймақ басшысы барып, жұмысшылармен кездесті. Ол жұмысшыларға ереуілдің заңсыз екенін, алдын ала тиісті құзырлы органдарға естерту керегін, мұндай әрекет болашақта қайталамауларын жеткізді», – дейді Т.Сатыбалдиев. Алик Айдарбаев жалақы мәселесі жақын арада шешімін табатынын айтқан. Ал екінші мәселе – қауіпсіздік мәселесі керегін, әр жұмысшының жеке басының қауіпсіздігі үшін тәртіпке бағыну міндетті екенін айтқан.

Былтырдан бері көтеріліп келе жатқан жалақы мәселесі күні бүгінге дейін шешімін таппағаны жұмысшылардың наразылығын туғызады. Тойлыбай Сатыбалдиевтің мәлімдеуінше, «Ақтаунефтьсервиске» қарасты кәсіпорындарда істейтін жұмысшылардың жалақысында айтарлықтай айырмашылық шын мәнінде бар. Мәселен, бір жұмысты атқарып жүрген қызметкердің жалақысы әр кәсіпорында әр түрлі.

«Жалақы мәселесі өткен жылдан бері көтеріліп келе жатқаны рас. Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін реттейміз. Ол оңай шаруа емес, кезең-кезеңімен жүзеге асады. «ҚазМұнайГаз» ҰК бұған көңіл бөліп отыр. Басқарма төрағасы Ләззат Кетебайұлы еңбекақыны көбейту жөнінде жиналыс өткізіп, тапсырма берілген. Бұл жұмыс үздіксіз жүріп жатыр. Өткен жылы 1-қарашада еңбекақы 12 пайызға артты. Бұл еңбақыны реттеудің бірінші кезеңі еді. Енді 30-сәуірге дейін екінші кезеңін тәмамдасақ, жұмысшылардың талабы қанағаттандырылады. Сонымен мәселе түбегейлі шешіледі», – дейді Т.Сатыбалдиев. Айтуынша, сәуірдің аяғында айлық көбейетіні жөнінде мұнай мекемесінің қызметкерлері хабардар. Әйтсе де, олар сәуірді күтпей ереуілге шықты. Облысы әкімімне кездескен соң ереуілшілер тарқап, жұмысына кіріскен.

Десек те, жұмысшылардың қос талабы бірдей орындалмайды. Жалақы жоспарға сәйкес көтерілгенімен, жұмыс барысындағы қауіпсіздікті сақтау талабы алдағы уақытта да қатаң түрде сақталмақ.

Естеріңізге салсақ, «Ақтаунефтьсервис» мекемесінің қарауында 5 бірдей кәсіпорын бар. Солардың бірі, жерасты ұңғымаларын жөндеумен айналысады

13 наурыз. Munaigaz.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту