Қызылордада заңсыз мұнай тасымалы анықталды

размер шрифта: Aa | Aa
14.03.2013 11:11
 Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Қызылорда-Құмкөл» тас жолы бойында мұнай тасуға арналған «Камаз» көлігін тоқтатты.

Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тексеру барысында көліктің цистернасы шикі мұнайға толы екендігі анықталды. Сондай-ақ оған тиісті заңды құжаттар болмай шықты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 183-1-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.


ҚЫЗЫЛОРДА. 14 наурыз. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Қызылорда облысыҚылмыспен күресБасқа меморгандарМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту