Қызылорда облысында «Энергия» консорциумы құрылып жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
15.03.2013 11:08

Жылу және электр энергия саласындағы күрделі мәселелерді қысқа мерзімде кешенді түрде шешу үшін Қызылорда облысында «Энергия» консорциумы құрылатын болды.

Қызылорда облысында «Энергия» консорциумы құрылып жатыр

Оның құрамына облыс аумағындағы жалпы саны 26-ға жуық электр энергиясын өндіруші, тасымалдаушы, жабдықтаушы мекемелер мен ірі тұтынушылар кіреді. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәжілісінде мәлім болды. Облыстың энергетика саласын жетілдіру мақсатында былтыр  мемлекет қазынасынан 1 486,4 млн теңге (республикалық бюджеттен - 1 332,7 млн теңге, облыстық бюджеттен -153,7 млн теңге), жоба-сметалық құжаттар дайындауға облыстық бюджеттен 272,3 млн теңге бөлінді. Үстіміздегі жылы жылы республикалық бюджеттен жалпы сметалық құны 1 509,5 млн. теңгені құрайтын тағы 2 жоба қаржыландырылып отыр. Осы жұмыстарды үйлестіріп, басқа да қордаланған мәселелерді  тездетіп шешу үшін консорциум құру жөніндегі бастаманы аймақтың жаңа басшысы Қырымбек Көшербаев көтерді. Өйткені, осы салада сын көтермейтін жәйт көп. Бір ғана мысал, электр желілері мен қосалқы стансалардың 80 пайызының тозығы жеткен. Жабдықтаушы мекемелердің қарызы 1 млрд. теңгеден асып отыр. Басты себеп- энергия таратушы мен тұтынушылар арасында үйлесімнің болмауы.  Ал, бұл бастама  энергетикалық жүйенің үнемді әрі тиімді жұмыс істеуіне септігін тигізбек

15 наурыз.Қызылорда облысы. М.Серікқызы. Munaigaz.kz.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту