Атырауда «NCOC» «Қашаған» кен орнының қоршаған ортаға әсері туралы хабарлайды

размер шрифта: Aa | Aa
19.03.2013 11:04
«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В.»  («NCOC») компаниясының хабарлауынша, 20 наурыз күні Атырауда «Қашаған» кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік жобасының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Әңгіме кен орнының маусым айына белгіленген кен орнындағы тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу нысандарын іске қосу жоспары жөнінде өрбімек. Қазіргі уақытта «Қашағанда» 40 ұңғыма бұрғыланды, олар мұнайды өңдеуге, сондай-ақ алдағы уақытта ілеспе газдың қайтадан қыртыстарға жүктелуі үшін қолданылады.

Тыңдауларда жобаға жалпы сипаттама беріледі, жобалық шешімдер ұсынылып, ағымдағы және төтенше жағдайларға байланысты әсер ету дәрежесі бағаланады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланып отырған шаралар, мониторинг және бақылау жөнінде сөз болады. Жобаны әлеуметтік-экномикалық бағалау жүргізілді. Экологтардың пікірінше, NCOC-тың ауаға зиянды заттарды шығару жөніндегі мәлімдемесі ең даулы мәселе болады.

АТЫРАУ. 19 наурыз. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газЭкология
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту