Қашағанда төгілген мұнайдан болуы мүмкін қауіптер ескерілді - НКОК

размер шрифта: Aa | Aa
26.03.2013 10:07
 Қашаған кен орнында төгілген мұнайдан болуы мүмкін қауіптер алдын ала ескерілді.

Бұл туралы Норт Каспиан Оперейтинг Компанидің (НКОК) сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Пьер Дельпон мәлім етті.

alt «Заманауи технологиялар мен мінсіз жабдықтар төтенше жағдай туындағанда болмашы қауіптер туралы айтуға мүмкіндік береді. Бірақ онымен бір мезгілде біз кез келген күтпеген жағдайға барынша дайынбыз. Компанияның арсеналында - судағы мұнайды анықтайтын инфрақызыл талдағыштар, 20 шақырымдық қалқымалы бөгеттер, судағы және мұздағы мұнайды жинап алуға мүмкіндік беретін 20 скиммер және басқа да жабдықтар бар», - деп мәлімдеді Қашағанда мұнай өндірісін бастауға арналған қоғамдық тыңдаулар барысында П.Дельпон.

Естеріңізге сала кетейік, осы күндері ағымдағы жылдың маусымында басталатын Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге дайындық жұмыстары жүруде. Бірінші кезеңде тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі, кейіннен оның көлемі тәулігіне 450 мың баррельге жеткізілетін болады.

АТЫРАУ. 22 наурыз. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ӨнеркәсіпҚазақстандық тауарМұнай-газИнновациялық жобаАтырау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту