Мұнай компанияларының әлеуметтік жауапкершілігі

размер шрифта: Aa | Aa
27.03.2013 12:39

Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында әріптестік туралы меморандум қабылданды. Осылайша «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы саналатын «ҚазГерМұнай» серіктестігі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоспақшы.

Оның ішінде өңірдің инфрақұрылымын жетілдіру көзделіп отыр. Осы орайда, облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев пен «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорынның бас директоры Медет Кәрім екі жақты келісім құжатқа қол қойды. Нақтырақ айтқанда, меморандум аясында Қорқыт-ата әуежайын халықаралық деңгейгежеткізу жоспарланып отыр. Терминал құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық сметалық құжаттарын жасауға 150 миллион теңге бөлінетін болды. Қазіргі күні Қорқыт ата әуежайы аптасына түрлі бағыттағы 22 рейсті қабылдап, қайта ұшырады. Алайда жылдық табысы 16 миллион теңгеден аспай отыр. Жиында сөз алған «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры Абат Нұрсейітов, мұнай компаниясы мен облыс әкімдігі арасындағы ынтымақтастық жемісін береріне сенім білдірді. «Барлау өндіру «ҚазМұнайГаз»АҚ әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөледі. Қызылордада да алдағы уақытта өзге жобаларға біз көмектесуге дайынбыз,»-деді «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов.

27 наурыз. Munaigaz.kz тілшісі. М.Серікқызы.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту