Білікті маман даярлап оны жұмысқа орналастыру тек жоғарғы оқу орындарына жүктелген міндет емес.

размер шрифта: Aa | Aa
29.03.2013 11:18

Жоғарғы оқу орны шәкірт қабылдардан бұрын, алдын-ала кәсіпорындармен келісіп, соларға қажетті кадрларды даярлауы тиіс. Бұл жастарды жұмыспен қамтудың бірден-бір жолы. Яки, оқушыны мамандық таңдағанынан бастап, қызметке кіріскеніне дейін тәжірибеден өткізіп, болашаққа даярлау ісіне мектептен бастап жұмыс беруші кәсіпорынға дейін ат салысуы тиіс.

Білікті маман даярлап оны жұмысқа орналастыру тек жоғарғы оқу орындарына жүктелген міндет емес.

Мәселені Шымкенттегі дарынды балаларға арналған мектептердің директорлары мен жоғарғы оқу орнының ұстаздары және маңыздысы - өңірдегі кәсіпорындардың басшылары бас қосып талқылады. Қазір мамандар біліксіз, я болмаса оның мамандығы сұранысқа ие емес. Жасыратыны жоқ, экономист, есепші, заңгер сынды саны көп мамандықты таңдаушылар азаймағанымен, бүгінгі күні техникалық мамандықтарды таңдаушылардың қарасы артты. Соның ішінде  мұнай-газ саласын қалағандар көбейіп келеді. Айта кетсек, дәл осы шара ұйымдастырылған Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік универститетінің «Мұнай газ ісі» кафедрасында Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторы үшін қажетті «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» және «Мұнай және газ кен орындарын өңдеу және пайдалану» бағытында бакалаврлар мен магистранттар білім алады. Аталған мамандыққа оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып отыр. Мәселен, биылғы оқу жылының өзінде күндізгі бөлімде 320 студент оқыса, олардың 80 % мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқиды. Сол сияқты сыртқы бөлім бойынша 250 студент білім алады.

Студенттердің жыл сайынғы өтетін өндірістік және дипломалды іс-тәжірибелері мен оқу-ғылыми-өндірістік кешендері Қазақстандағы ірі кәсіпорындарда өткізу жоспарланып, келісім-шарттарға қол қойылған. Мәселен, олар: «Интергаз ЦентральнаяАзия» АҚ-ы; «Оңтүстікмұнайгаз» АҚ-ы;  «Азиаш» ЖШС-і;  «Мұнайгазгеолсервис» ЖШС-і; «СаутсОйл» ЖШС-і; «Марсель петролеум» ЖШС-і және «Smart Oil» ЖШС-і.  Х.Ғ.Д., профессор Надиров Казым Садықұлының айтуынша, биыл бітіретін 60 түлектің 11 іріктеуден өтіп қойған, қалғаны алдағы шілде айында өзге кмпаниялардан жұмыс қарастыра бастайды.

Түптеп келгенде Оңтүстік жастарының  техникалық мамандыққа қызығушылығы біршама артқан. Соның ішінде қара алтынды өндіріп, өңдеуге ынтасы күшті.

29 наурыз. Munaigaz.kz. тілшісі Л.Сұлтан

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту