Түркіменстан 2013 жылғы сәуір-мамырда Қазақстанның оңтүстігіне 500 млн. текше метр газ жеткізуге дайын

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2013 11:28

Түркіменстан 2013 жылғы сәуір-мамырда Қазақстанның оңтүстігіне 500 миллион текше метр газ жеткізуге дайын,деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ-ның баспасөз қызметі. 

«ҚазТрансГаз» АҚ БасшысыСерік  Сұлтанғали Түркіменстан Республикасының астанасы Ашхабад қаласында «Түркіменгаз» Мемлекеттік концерні Басқармасының төрағасы Какагелді Абдыллаевпен кездесті. Кездесу барысында түркімен тарабы Қазақстан Республикасына 2013 жылғы сәуір-мамыр айларында 500 млн. текше м. көлемінде газ жеткізуге дайын екендігі туралы өтініш білдірді. Аталған келісім «Түркіменстан – Қытай» магистарльдық газ құбыры арқылы Қазақстанның оңтүстік өңірлерін (оның ішінде Алматы қ.) көгілдір отынмен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

«ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезінде активтерді  корпоративтік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.  «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

АСТАНА, 2 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту