ҚР Үкіметі Атырау МӨЗ-і жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгіледі

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2013 11:29
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгіленді және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілді.

altТиісті бұйрық сәрсенбіде ресми баспасөзде жарияланды.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгіленсін. Қоса беріліп отырған «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бері шарттары (өтініш беруші – SINOPEK Engineering» қазақстандық филиалы) бекітілсін»,-делінген құжат мәтінінде.


Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі.


АСТАНА, 3  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту