Қаңтар-ақпанда Қазақстан Қытайға 1,339 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын экспорттады

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2013 11:31
 Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Қытайға 1,1 млрд. долларды құрайтын 1,339 млн. тонна шикі мұнай мен газ конденсатын экспорттады. Аталған көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңіндегіден көлемі бойынша 9,3 пайызға, ал құны бойынша 11,2 пайызға аз. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің хабарламасында айтылады.

Кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Кеден одағы елдерін есепке алмағанда, Қазақстан осы кезең ішінде 8,7 млрд. долларға  тең болатын (-16,6 пайыз) 10,5 млн. тонна мұнайды (-16,3 пайыз) экспорттаған.


АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат 


Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан және ҚытайКеден
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту