Украина Қазақстаннан тікелей газ жеткізуді қайта жалғастыруға ниетті

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2013 11:32
Украина Қазақстаннан тікелей газ жеткізуді қайта жалғастыруғак ниетті, деп хабарлады РБК.

Бұл туралы Украина премьер-министрі Николай Азаров Қазақстан Республикасы премьерінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен кездесуі кезінде мәлім етті, деп хабарланды Н.Азаровтың сайтында.


alt«Біз тасымалды пайдалану, атап айтқанда газ құбырын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпекпіз. Бұған Қазақстан да мүдделі ғой деп ойлпймын. Өйткені сіздерде газ бен мұнайдың жеткілікті қоры бар, бізбен Ресей арқылы ғана емес, 2005 жылға дейінгідей,  тікелей сауда жасауға болар еді. Бұл екі елдің де мүддесіне сай келеді», - деп атап өтті Н.Азаров.

Украина премьерінің айтуынша, еркін сауда аймағын құру ТМД-ға мүше елдерінің мұнай құбырын пайдалану туралы келісімге қол қоюын қажет етеді және осылайша, Украинаға қазақстандық мұнай мен газды тікелей жеткізуге мүмкіндік пайда болады.

Н.Азаров «Ресей, Беларусь және Қазақстанның Кеден одағын құруы ТМД шеңберіндегі сауда-экономикалық қатынастарды «күрделендіріп» отыр, сондықтан қазір ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін әзірлеу қажет», деп мәлімдеді.

Украинаның министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Украина КО аясында бақылаушы мәртебесін алуды жоспарлап отыр. «Біз шешім қабылдауға ықпал ете алмасақ та, алайда осы үдеріске қатысып, Кеден одағы шеңберінде қабылдануы жоспарланып отырған мәселелерді алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары Киев Ресеймен газ жеткізу жөніндегі 2009 жылғы келісім-шарттарды қайта қарастыруға қол жеткізе алмай келеді. РФ егер Украина Кеден одағына кірсе, жеңілдіктер жасауға дайын екенін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚазақстан және УкраинаМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту