Қазақстан әлемде мұнай экспорттайтын елдердің бестігіне енеді - Н.Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
04.04.2013 10:26
Қазақстан әлемде мұнай экспорттайтын елдердің бестігіне енеді. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан мен «Шеврон» корпорациясы серіктестігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.


alt«Биылғы жылы маусымда Қашағанда өндіруді бастау күшіне енеді»,- деп  тоқталған Н. Назарбаев осыдан кейін еліміз әлемдегі мұнай экспорттайтын елдердің бестігінің қатарына енетіндігін жеткізді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Шеврон» Қазақстандағы Қашағанда, Каспий құбыры консорциумында жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Осы орайда Елбасы алдағы уақытта да бұл компанияда қазақстандық қамту мен экологиялық проблемалар тиісті деңгейде шешілетіндігіне сенім артты.

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту