Елбасы «Шеврон» корпорациясы қазақстандық қамтудың көлемін арттыруы керектігін айтты

размер шрифта: Aa | Aa
04.04.2013 10:31
 «Шеврон» қазақстандық қамтудың көлемін арттыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан мен «Шеврон» корпорациясы серіктестігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

alt«20 жыл ішінде «Шеврон» жобаға 20 млрд. АҚШ долларын салды. Қазақстан салынған салықпен бірге 77 млрд. доллар көлемінде қаржы алды. Атырау облысының әлеуметтік дамуына 800 млн. доллар салынды. Сонымен қатар мыңдаған қазақстандық мамандар даярланып, онда 3 мың 300 біздің азаматтар еңбекпен қамтылды. Менің өтінішім бойынша өңірде әлеуметтік сала айтарлықтай маңызды болды және бүгінде Атырау біздің еліміздің ең әдемі қалаларының бірі болып табылады»,-деді Президент.

Елбасы аталған компания мұнай өндіру көлемін 26 есеге арттырғанын, ал Қазақстан өзінің экономикасын 16 есеге ұлғайтқанын тілге тиек етті. 

«Қазақстандық қамту өте маңызды болды. Бүгінде сіздер  барлық сатып алулардың 32 пайызын еліміз ішінде жүзеге асырып жатырсыздар. Осы орайда біз бұл көрсеткіштің артуын қалаймыз»,-деді Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев компанияға пластмасса құбырлары зауыты мен Теңіз академиясының құрылысы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ енді алдағы уақытта Атырауда Жастар сарайының құрылысы бастамасына ризашылығын айтты.

«Біздің бірлескен жұмыстар жалғасуда. Алда жаңа мақсаттар мен міндеттер бар»,-деп атап өтті Президент.

 АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газПрезиденті Қазақстан
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту