Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің жетістігі құрметіне Астанада жанар-жағар май құю стансасы ашылады

размер шрифта: Aa | Aa
04.04.2013 10:34
 Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Астана қаласындағы Сауран көшесінде «ҚазМұнайГаз» компаниясының жанар-жағар май құю стансасының салтанатты ашылуы өтеді.

Атақты қазақстандық боксшы, екі мәрте әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, сондай-ақ 2012 жылғы Вэла Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болады деп күтілуде. Бұл кездейсоқ жайт емес. Себебі аталмыш станса Сәпиевтің жетістігі құрметіне салынған.

Отандық спортты қолдау «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ үшін жұмыстың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінгі күнде «ҚазМұнайГаз» компаниясы бокс, дзюдо және теннис федерациясына қолдау көрсетуде.

Станса сол жағалауда Сауран және Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме нысандарының құрылысы ауданында салынды. Оның операторлық аумағы 200 шаршы метрді құрайды. «ҚазМұнайГаз» стансасының құрылысы барысында металдарды және пластикаларды өңдеудің жаңа технологиялары, Еуропада жасалған заманауи материалдар, үнемді жарық, инновациялық электроника қолданылды. 

Ал оның қазіргі заманғы отын үлестіру колонкалары бір уақытта 8 көлікке дейін қызмет көрсете алады. Стансада Аи-80, Аи-92, Аи-95, Аи-98 маркалы бензині мен дизель отыны Tokheim маркалы 4 сегізжеңді отын үлестіру колонкалары арқылы босатылады.

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газСпорт«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту