Бреттон Вудс жаңартылу комитетінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Марк Узан G-global инфо-коммуникативті алаңының «Ай тұлғасы» атанды

размер шрифта: Aa | Aa
04.04.2013 14:47

Бреттон Вудс жаңартылу  комитетінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры  Марк Узан G-global  инфо-коммуникативті алаңының «Ай тұлғасы»  атанды.

G-global  алаңының  қатысушылары үшін  арналған  Қазақстандағы  жаһандық қаржылық жүйе сұхбатында  Марк Узан «Қытай, Бразилия, Ресей және Индияда, сондай-ақ, Қазақстанда болып жатқан жайттар, осыдан  10-20 жылға қарағанда әлемге айтарлықтай әсер етуде.   Көптеген тікелей қатысы бар топтардың  дүниежүзілік қаржы жүйесіндегі тұрақтылығы үшін   рөлі зор.  Бұрындары біз АҚШ және Еуропа экономикасын  дүниежүзілік қаржы тұжырымдамасының  негізі деп санап, қалғандарын перифериялық  деп таныған болсақ,  ал қазіргі таңда бұл түсінік жойылған.  Басты себеп -  алаңда   қаржылық жүйеге қызығушылық  танытқан  беделді  жаңа қатысушылардың пайда болуы»,-деп  ерекше атады.  «Екі жыл бұрын біз Грецияны сөз еткен едік.  Грецияның Еуроаймақтан шығып қалуын айтып отырмыз. Бүгін  Еуропаның бөліктеріне әсер етуі мүмкін кішкентай ғана арал, Кипр туралы айтамыз.    Мен Францияда тұрамын,  өз елімді сүйемін, дегенмен  жақын арадағы 10 жылда не болатындығын ойлап алаңдайтыным рас. Аскетизм мен өсудің арасындағы дұрыс жолды таңдай алармыз ба екен?  Меніңше, бұл,  сонымен қатар АҚШ пен Еуропаның да басты проблемасы ».  Әлемдік экономиканың  анықталмаған  кедергілері  аз емес,  сондықтан біз әр түрлі сценарийлерге дайын болуымыз керек.  Қазақ елінің  дағдарысқа қарсы  жобасына қызығушылығы ол- жақсы идея ғана емес,  жақсы тұжырымдама деп айтсақ артық айтпаспыз.  Қазақстанның елордасы Астанада,  қаржылық дағдарысты өткеру үшін идеяларды ұсыну ғана емес, ғаламдық деңгейде жүзеге асырыла алатын  тұжырымдаманы шығару  мақсатында  еуропа мемлекеттерінің,  әлемдегі  бас сарапшылардың басын қоса аламыз ба?  Менің ойымша, бұл тындыра алатындай іс».

 Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар: http://www.group-global.org/person/view/15421

Марк Узан Бреттон Вудстың жаңартылу комитетінің атқарушы директоры және оның негізін қалаушы (1994). Комитет өз қызметін 90-жылдары Мексика дағдарысы кезінен жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі таңда комитет-  үкімет пен нарық арасындағы  қаржылық және дағдарысқа қарсы сұрақтар бойынша  интеллектуалды орталық болып табылады. Бреттон Вудстың жаңартылу комитеті бүкіл әлемнің орталық банктерімен, қаржы министрлерімен, сонымен қатар G20 өкілдерімен  ынтымақтастық орнатып,  қызығушылық танытқан тараптарды семинар, форум, конференцияларға  тартып келеді. Марк Узан Euro50Group бас хатшысы және орталық банктердің консультативтік кеңесінің мүшесі,  Париж–Дофин университетінің халықаралық экономика және қаржы бойынша магистрі болып табылады. Ол Дүниежүзілік  Экономикалық Форум, Бүкіләлемдік  Қаржы Конференциясы т.б.  ірі шаралардың модераторы болған.  Марк Узанның ғылыми жұмыстары: Стресс кезеңіндегі  қаржы жүйесі – әлем экономикасының жаңа архитектурасы (1996), Жаһандану дәуіріндегі жеке капитал ағымы (2000), Халықаралық валюта жүйесінің болашағы (2004), Нуриэль Рубинимен бірге  Халықаралық қаржы архитектурасы бойынша нұсқаулық (2006), сонымен қатар ең танымал басылымы болып есептелетін Халықаралық Қаржы Қоры және G20 (2007) ғылыми жұмысы.

 Ақпараттық хабарлама.  01.04.2013,   Астана

Қосымша ақпарат:
Қазақстандық БАҚ өкілдерімен жұмыс менеджері
Алия Бердиева
+7 (7172) 24 14 30, +7 775 539 75 52, Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек  
  
Марк Узанмен қарым-қатынас координаторы
Токжан Ошкарова
T.: +77172701812  M.: + 7 701 111 38 34 e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту