«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Н Блок Б.В.» компаниясының 100% акциясын сатып алды

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2013 17:06
2013 жылғы 25 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ («ҚМГ» және «КонокоФиллипс Петролеум Холдингз Б.В.» («КОФ») «Н Блок Б.В.» компаниясының 100 пайыз акциясын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

Осы мәміле нәтижесінде ҚМГ Н жобасындағы жер қойнауын пайдалану құқығының 75,5 және «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-дағы 75,5 пайызын қатысу үлесін иеленді.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол қойылған Н жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес ҚМГ 75,5% қатысу үлесімен және МДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) ГмбХ - 24,5% қатысу үлесімен жобаның қатысушысы болды.

ҚМГ-нің Н жобасындағы үлесінің ұлғаюы ұлттық компанияның Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз геологиялық барлау жобаларындағы рөлінің күшеюі бойынша жоспарлы қадамын көрсетіп отыр.

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту