Қазақстан мұнайының 25 пайызын қытайлық компаниялар өндіреді - ҚР Президенті

размер шрифта: Aa | Aa
08.04.2013 10:53
Қазақстан мұнайының 25 пайызын қытайлық компаниялар өндіреді. Бұл туралы бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда кездесу өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  мәлім етті.

Елбасы өз сөзінде Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы болып сайлануымен тағы бір мәрте құттықтап, жария етілген «Қытай арманы» деп аталатын экономикалық және саяси бағдарламаларының сәтті орындалуына тілектестігін жеткізді. «Біз Қытай Халық Республикасының таяу көршісі әрі дос ретінде мұны кез келген жағдайда қолдауға және барлық мүмкіндігінше көмектесуге дайынбыз», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ҚР Президенті екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған  20 жыл ішінде ауқымды жол еңсеріліп, стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғандығын еске салды. Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан мен Қытайдың осы жылдар ішіндегі өзара сауда айналымы 25 млрд. долларға жетіп отыр.  2015  жылға қарай бұл көрсеткішті 40 млрд. долларға жеткізу жөніндегі уағдаластық та бар.

«Біздердің негізгі ынтымақтастығымыз - энергетика саласы. Қытай Халық Республикасы Қазақстан мұнайының 25 пайызын өндіреді. Осы жылдар ішінде біздер Қазақстан арқылы 40 млрд. текшеметрге арналған ауқымды газ құбырын салдық. Өткен жылы менің бастамаммен салынған жаңа мұнай құбырымен шамамен он миллион тонна мұнай айдалды. Қазіргі уақытта осы құбырды кеңейту мәселесі қозғалуда», деді Н.Назарбаев.

САНЬЯ. 6. сәуір. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан ПрезидентіҚазақстан және Қытай
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту