
«KAZENERGY» Қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту стратегиясының жобасы пысықталды
размер шрифта: Aa | Aa |
08.04.2013 18:18 | ||
Баспасөз релизі. «KAZENERGY» Қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту стратегиясының жобасы пысықталды. Бүгін Астанада «KAZENERGY» отандық мұнай-газ, энергетика компаниялары қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өту стратегиясының жоба жоспары талқыланды. Отырысқа ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров және бірқатар мемлекеттік органдар, ұлттық компания өкілдері мен энергетикалық кешен институттарының сарапшылары қатысты. Ескерер жәйт, ҚР жасыл экономикаға өту стратегиясы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үш кезеңге бөлініп, іске асырылады. Бірінші, жасыл экономикаға өтуге лайық секторлар (салалар) анықталып, саланың бүгінгі ахуалы түзіледі; Құжатты әзірлеу ісіне халықаралық сарапшылар, атқарушы және жергілікті билік өкілдері, ұлттық компания мамандары мен үкіметтік емес ұйым қызметкерлері жұмылдырылды. Осы күні «McKinsey» компаниясының кеңесшілері «Назарбаев Университеті»- мен бірлесіп, энергетика саласын зерттеу қорытындысын сарапшылармен жан-жақты пысықтап, қосымша пікір жинауға көшті. Жиынның басты мақсаты - отандық энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, еліміздің жасыл экономикаға өту стратегиясының тигізер әсері мен пайдасы жайлы тың ұсыныстар мен пікірлерді жинау. KAZENERGY Қауымдастығының баспасөз қызметі Байланыс телефондарымыз: +77172 79-01-81, 790199, Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
|