«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ-НЫҢ ЕЛ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ФИЛИАЛДАРЫ ЖЕТІЛЕ ТҮСТІ

размер шрифта: Aa | Aa
09.04.2013 13:55

 Ел тұрғындарын газбен жабдықтау нарығында өзіндік орны бар «ҚазТрансГаз» компаниялар тобы тағы бір маңызды қадам жасады. Осы компанияның Сыр өңіріндегі еншілес кәсіпорны «Интергаз Орталық Азия» АҚ жаңа әкімшілік ғимаратқа көшті. Бұл нысан Қызылорда қаласының жаңа әкімшілік орталығынан бой көтерді.

«ҚазТрансГаз» компаниялар тобының құрамындағы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы ел бойынша 11 мың шақырымға жуық магистралды газ құбырын бақылайды. Компания құбырлар жүйесін пайдалану әрі техникалық жадайын бақылауды қатар атқарады. Сонымен қатар, ішкі тұтынушыларға көгілдір отын тасымалдай отырып, халықаралық транзит болып табылады. Осындай әлеуетке ие кәсіпорынның Қызылордадағы филиалының кеңсесі облыс орталығындағы зәулім ғимараттардың бірі деуге болады. Кеңсенің ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазТрансГаз»АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиев қатысты. «ҚазТрансГаз» АҚ аймақтық филиалы өңірімізде 2005-ші жылы ашылып, облыс орталығын газдандыру жұмыстарына өз үлесін қосқанын әрбір қызылордалық жақсы біледі. Қала тұрғындарын соңғы 8 жылдан бері «көгілдір отынмен» үздіксіз қамтамасыз етіп келе жатқан «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры осы мекеменің теңгерімінде. Жаңа кеңсенің ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев компания қызметкерлерін осы қуанышымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі:

 Акционері «ҚазТрансГаз» компаниясы болып табылатын «Орталық Азия Интергаз» АҚ  еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуында айрықша үлесі бар компания. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры құрылысына да айрықша үлес қосып жатқан интергаздықтар бүгін жаңа кеңсе ашып отыр. 2015 жылы аталған газ құбырлар жүйесі салынып болғанда облысымыздың барлық ауданы мен елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көредіді, деді аймақ жетекшісі Қ.Көшербаев.

Былтыр «Ақшабұлақ» кенішінен Қызылорда облысының орталығына дейін 1 млрд.280 млн текше метр көгілдір отын тасымалдаған компания филиалы биыл да биік межелерді еңсеруге әзір. Әсіресе, өңір тұрғындарын әлеуметтік тұрғыдан қолдауға әзір екендіктерін айтып отыр.

 8 ақпан. Munaigaz.kz. тілшісі М.Серікқызы

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту