Байқоңырға қан жүгірді. Құрыла бастаған жаңа технологиялар рталығы не береді?

размер шрифта: Aa | Aa
09.04.2013 13:57

Байқоңырда Индустрияландыру картасы аясында жаңа технологиялар орталығын құру ісі қолға алынды. Тың бастама облыс әкімінің биылғы іс-қимыл жоспарына кірген. Ал үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Байқоңыр» инвестициялық форумы биылдыққа екінші мәрте өткізіледі. Бұл аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігі тиетін шара болмақ.

  Осы орайда «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының әлеуетін пайдалану көзделіп отыр: он шақты жаңа өндірісті ашуға, мемлекет және бизнес әріптестігі негізінде жаңа бастамалар жүзеге асырылмақ. Мәселен, алдағы уақытта Байқоңыр қаласында ғарыштық планетарий, балама қуат көздерін беретін алаң, ұшырылымдарды басқаратын шағын орталық сынды бірегей жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Бұл нысандар «Байқоңыр ғарыштық Жібек жолы» деген атпен құрылатын арнайы экономикалық аймақта салынады. Мақсат - «ЭКСПО-2017» көрмесіне сақадай сайланып, шетелдік меймандарға Қазақ мемлекетінің әлеуетін көрсету. Ал Байқоңыр - ғылыми-техникалық тұрғыдан әлемдегі теңдесі жоқ ғарыш айлағы. Ғарышқа сапарды қызықтау үшін жұлдызды қалашыққа жылына 70 мыңдай адам ағылады. Мамандардың айтуынша, арнайы экономикалық аймақ құруға мұнда  барлық негіз бар. Көп ұзамай осы аумақтан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі өтсе, «Крайний», «Юбилейный» әуежайлары әуе кемесінің барлық түрін қабылдай алады. Темір жол желісі дамыған. Жер кіндігінде орын тепкен айлақ енді қызығушылықты арттыра түседі. Алдағы үш жылда арнайы экономикалық аймақта ойын-сауық орталығы мен қонақ үйлер, мейрамханалар салынады. Тіпті, осы қалаға  мұражай-қала деген мәртебе беру керектігі айтылды. Эко және этно туризмді өрістету жағы қоса қарастырылып жатыр

 

ақпан. Munaigaz.kz. тілшісі М. Серікқызы

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту