Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жаңартылған қағидалары бекітілді

размер шрифта: Aa | Aa
10.04.2013 15:55

Қазақстан үкіметі отандық өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған  жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жаңартылған қағидаларын бекітті  деп хабарлайды сәрсенбіде индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ақпарат басқармасы. 

altҚағидалар мынадай негізгі жаңалықтарды көздейді: жер қойнауын пайдаланушылардың «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурстық құжаттамаларды орналастыруы; тапсырыс берушiлердің электрондық сатып алу жүйесі арқылы сатып алу қорытындысын жасауы; Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты қалыптастыратын және жүргізетін тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорында тіркелген жалғыз жеткізуші болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушіден бiр көзден сатып алу;  егер де ондай тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алудың орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларымен көзделсе ұзақ мерзімді сатып алу келісімшарттарын жасасу»,-делінген хабарламада.


Бұдан басқа, Қағидаларда, енді екі кезеңде өтетін ашық конкурс тәсiлiмен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі жаңартылған: 1. баспа басылымдарында ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастыру, конкурстық өтінімдерді жинау, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашық конкурсқа қатысуға рұқсат хаттамасын жасай отырып, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке ашу; 2. ашық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жеткізушілердің әрбір лот бойынша конкурстық баға ұсыныстарын ұсынуы, конкурстық баға ұсыныстарын қарау және қорытындылау хаттамаларын жасай отырып, ашық конкурстың жеңімпазын айқындау, ашық конкурстың жеңімпазымен шарт жасасу.


«Жалпы Қағидалар отандық өндірушілерді қолдау үшін бағыталған, олар өз кезегінде отандық өндірушілерге өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дүниежүзілік экономикаға алдағы интеграциялық үдерістерге дайындалу мүмкіндігін ұсынады»,-делінген хабарламада. 

АСТАНА, 10 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА.   

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту