ҚР-да І тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9%-ға өсті - статагенттік

размер шрифта: Aa | Aa
11.04.2013 15:44

2013 жылдың І тоқсанында Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға өсті, делінген ҚР статистика агенттігінің ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерларды игеру саласындағы өндіріс көлемі 2,7%-ға артқан. Өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіштер 1,6%-ға өскен, электр қуатымен, газбен қамтуда, бу мен ауа желдетуде көрсеткіштер 1,9%-ға төмендеген. Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуда 7%-ғатөмендеді.

Статагенттіктің ақпаратына сәйкес, газ конденсатын қоса есептегенде мұнай өндіру көлемі 20,6 млн тоннаны (+2,5%), табиғи газ өндіру 10,9 млрд т. м (+5,2%) болды. Бензин өндірісі 0,6 млн тоннаны (-18,2%) құрады.

Ферроқорытпалар өндірісі 0,4 млн тонна (-5,4%), тегіс илек 0,5 млн тонна (-41,9%), рафинирленген мыс 94,1 мың тонна (+13,5%), цемент 10 млн тонна (+18,7%), электр энергиясы 25,3 млрд кВт/сағ (-2,2%), ұн 10 млн тонна (-5,4%) көлемінде өндірілді.

Республиканың 12аймағында өндірістің өсімі байқалды. Ақмола. Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында төмендеу тіркелген.

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту