Қызылорда облысында «Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бастау алды

размер шрифта: Aa | Aa
16.04.2013 10:48

    Сыр өңірінде ауылдың тұрмысын жақсартуды діттеген жаңа жоба бастау алды. Облыс әкімдігі мен «Лукойл» мұнай компаниясы «Ақниет» атты әлеуметтік серіктестік жобасын жүзеге асыруға кірісті. Қанатқақты жобаның басты ерекшелігі, өз ісін ашқысы келетін 18 бен 60 жас аралығындағы ауыл тұрғындарына бір миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі.

   «Ақниет» бағдарламасы. Аты айтып тұрғандай, қарапайым халықтың тұрмысы түзелсе деген ізгі ниеттен туған батыл шешім. Әлеуметтік әлеует, экономикалық өрлеуге дара бетбұрыс. Қандай да бір мәселенің жәй-жапсарын егжей-тегжейлі сүзгіден өткізе шегелейтін облыс әкімі осы жолы да үлкен бастаманың бағдарын ортаға салды. Не кепілдікке қоятын мүлкі жоқ, не артық табыс көзі жоқ, әйтседе, етжеңді еңбекпен көктеп-көгерсем, деген ауыл тұрғындарына жол ашатын бағдарламаның бастау алғанын айтты. Оның қанат алуына «Лукойл» мұнай компаниясы дәнекер болады. Аталмыш компания ТМД елдері аумағында әлеуметтік-жауапты компания ретінде танылған ірі инвесторлардың бірі. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 8 жобаны жүзеге асырған. «Ақниет» жобасы ауыл тұрғындарына жасалып жатқан  көмектің бір парасы. 

   Қырымбек Көшербаев - облыс әкімі: « Өмірде өзінің орнын алам деп, болашаққа талпынып, орта және шағыні бизнесте елдің игілігіне жұмыс істеймін, өзінің қоғамдағы орнын нақтылау үшін алға ұмтылан адамдарға бір мүмкіндік керек. Әсіресе, ауылдық жерде. Нарықтық экономиканың көсемі Адам Смит емес, қара қазақтан қалған сөз: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей,». Жобаның нәтижелі болуына әкімдер жауапты деп есептеймін. «Ақниет» бағдарламасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жақсаруына оң ықпал етіп, серпін береді деген сенім бар.

    Мұндай көмек көрсету тәсілі 2007-і жылдан бері Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында қолданылып келеді. Өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді де. Осыны айғақтайтын фильм жиынға қатысушылардың назарына ұсынылды. Қайтармысыз көмек бес жыл ішінде төрт мыңнан астам адамға дем беріп, 500 ден астам кәсіпорынды ашуға септігін тигізген. Ал Сыр өңірінде аталмыш жоба Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында жүзеге асырылмақ. Ол үшін шамамен 100 грант  бөлінеді. 

  Андрей Кириллов – Астана қаласындағы «Лукойл Оверсиз Сервис Б.В.» филиалының директоры: «Бұған дейін әлеуметтік мәні бар үздік жобаларды ғана қолдап, ынталандырған едік.  Маңғыстаудағы жобадан ерекшелігі, бұл жолы қайтарымсыз қаржыны әлеуметтік жағынан қорғалмаған, көп балалы отбасыларға, мүгедектер мен жұмыссыздарға беруді жоспарлап отырмыз. Олар бізге өз ой-пікірлерін, тілегін жеткізсе болғаны, әрі қарай бизнес-жоспарды жасау, бағалау жұмыстарына біздің қызметкерлер ат салысады. Грант бөлінгеннен кейін қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайды».

   Сонымен, «Ақниет» бағдарламасы  алты бағытта жүзеге асырылады: «Әлеуметтік кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», «Қамқор», «Бастама» және «Игілік» деген номинациялар бойынша. Яғни, грант жеңімпаздары өз ісін бастау арқылы ауылдың дамуына үлес қоспақ. Бұл келешектің еншісінде. Әзірге, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары қажет. Мамыр айында грант жеңімпаздары анықталмақ.  Жасыратыны жоқ, ауыл халқына жұмыс тауып беру өңір үшін өткір мәселе. Елдің несібесіне бұйырған бағдарлама осы олқылықты біршама түзеуі тиіс. Осы мәселеге қатысты аймақ басшысы жергілікті мұнай компанияларына ой тастады. Жер қойнауын пайдаланушылар «Ақниет» бағдарламасына өз үлесін қосса деген.

  Қорыта айтқанда, «Ақниет» бағдарламасы ауылдың тұрмыстық инфрақұрылымының жақсаруына, әлеуметтік осал топ арасында халықтың жұмыспен қамтылуынане, жалпы өндірістік аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ мерзімді позитивті өзгерістердің қалыптасуына көмектесу үшін бағытталған.  

16 ақпан. Munaigaz.kz. тілшісі М.Серікқызы

 

Ключевые слова: АқниетЛукойл
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту