Шымкентте мұнайшы мамандығына деген қызығушылық артқан

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2013 11:37

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, мұнайшы болуға талпынатындар көбейіп келеді. Аз десек те, осы бағдарлама аясында 2011 жылы өңірде 8 азамат мұнайшы мамандығын меңгерген болса, келер жылы тағы  25 азамат қолдарына диплом алмақ. Ал қазіргі таңда Шымкент қалалық жұмыспен қамту коммуналдық мемлекеттік мекемесі 33 маманды мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мамандығына қайта даярлап жатыр. Бұдан өзге құзырлы мекеме жаңа оқу жылында тағы 25 адамды мұнай және газ саласына оқуға жіберуді жоспарлап отыр.

alt Мұнайшы мамандығында оқып жатқан жастардың арасында тіпті шет облыстардан келіп, білім алып жатқандар бар. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ «мұнай газ ісі» мамандығының 2 курс студенті талдықорғандық Абзал Мәліков. Ол қара алтынның хас шебері болуды мектеп қабырғасында жүріп армандаған. Келешегі зор саланы таңдаған Абзал жұмысқа тұру үшін болашақта қара алтынның отаны болған Маңғыстау өңірін бетке алмақшы.

Бүгінде маман тапшылығы бірте-бірте шешіліп келеді. Алайда, жас мамандардың қызметіне деген сұраныс әлі аз. Дипломды жаңадан қолға алған жас маманға жұмыс орнын ұсынуға келгенде жұмыс берушілер аса құмбыл болмай тұр. Шымкент қалалық жұмыспен қамту коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіби оқыту бөлімінің бастығы Нәзипа Қожанованың айтуына қарағанда, әзірге компаниялардан жас мамандарға сұраныс түспеген. Ол "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы  негізінде «Petro Kazahstan oil products»  мұнай өңдеу зауытына байланысқа шыққанын айтады. Бірақ зауыттағылардан "жұмыс орны  шектеулі екенін, өндірістік тәжірибеден өткенін, мүмкіндігінше жоғары білімді азаматтарды ғана жұмыспен қамти аламыз деген жауап алғанын " айтады. «Petro Kazahstan oil products» ЖШС-не біз де  қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы Жексенбай Сұлташевті әңгімеге тартып  көрдік. Оның айтуынша, серіктестікке мамандар бос орындарға жарияланған байқау арқылы қабылданады. Жылына компания 2-3 мәрте байқау жариялап отырады. Бүгінде мұнда  КазМТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Халықтар достығы университетінің түлектері жұмыс істеп жатыр. Мұнай зауыты жұмысқа көбіне жас мамандарды тартуға ден қояды. Өйткені жаңа технологияны меңгерген жастардың зауытқа берері де көп болады....         

Жұмысшылардың 30 пайызы жас қызметкерлер. Былтырғы жылы компания 28 жас маманды жұмысқа қабылдаған. Жауапты қызметкер зауыт колледж түлектеріне екі қолға бір күрек ұсынудан қашпаймыз деп отыр. Ж.Сұлташев колледждегілердің білімі өзгелерден артық болмаса, кем түспейтінін алға тартады. Мұнда Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің түлектері де жұмыс істеп жатыр.

 P.S. Алты алаштың несібесі – қара алтынның иесі қарадомалақтар болуы тиіс. Әлеуметтік бағдарламаның діттегені осы  

 18 ақпан. Munaigaz.kz. тілшісі. Л.Сұлтан

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту