Қазақстанның ішкі нарығында мұнай тапшылығы болуы мүмкін - «Қазэнерджи» қауымдастығы

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:35
Геологиялық барлау жұмыстары атқарылмаса, Қазақстанның ішкі нарығында мұнай тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазэнерджи» қауымдастығы кеңесінің отырысында ұйымның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.

Оның айтуынша, Қазақстан энергия ресурстарына бай болса да, алдағы уақытта минералды шикізат базасының тапшылығы байқалады. Себебі елімізде геологиялық барлау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді. «Қазақстан Республикасында энергия ресурстарын тиімді пайдаланудың бірыңғай саясаты дұрыс жолға қойылмаған. Энергетикалық тепе-теңдік жоқ. Ал жаңа кен орындары ашылмаса, 2020 жылдан кейін елімізде өндіру (көмір, мұнай және газ сияқты энергия ресурстары - авт.) көлемі азаюы әбден мүмкін. Оның барлығы геологиялық барлау жұмыстарының маңыздылығын тағы бір мәрте айғақтап отыр», - дейді Ә.Мағауов. Ұйымның бас директоры атап көрсеткендей, мұнай өңдеу зауыттары жаңартылып, Ресейден келетін мұнайдың көлемі азайған жағдайда елдің ішкі нарығына жеткізілетін мұнайды арттыру қажет болады. Ал уранның қазіргі қоры әлі 80-90 жылға жетеді.

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ЭнергетикаМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту