«Қазэнерджи» жаңа Энергетика министрлігін құруды ұсынып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:36
«Қазэнерджи» энергетика және мұнай-газ кешені ұйымдарының қауымдастығы жаңа мемлекеттік орган - Энергетика министрлігін құруды ұсынып отыр.

Қауымдастықтың бас директоры Әсет Мағауовтың айтуынша, ұйым әзірлеген Ұлттық энергетика баяндамасы аясында салық, экология, жер қойнауын пайдалану сияқты заңнамаға тиісті өзгертулер енгізіп, жылумен қамтамасыз ету туралы заңды қабылдау ұсынылды. Сондай-ақ Ұлттық энергетика баяндамасында техникалық регламенттер, тариф саясаты мен қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселесі көтерілді. «Біз бөлек Энергетика министрлігін құру мәселесін қарастыруды ұсындық. Ұлттық энергетика баяндамасы Үкімет басшысына таныстырылды. Жалпы, ол негізгі мәселелерді қолдап отыр. Осы жұмыстың нәтижесінде энергетикалық кешенді дамыту стратегиясын әзірлеу туралы шешім қабылданды», - дейді Ә.Мағауов.

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ЭнергетикаҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту