Атырауда ''Қашаған-2013» оқу-жаттығуы өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:37
 Қашаған кен орнынан мұнай өндіру маусым айына жоспарланып отыр. Соғай орай, мамыр айының 23-24 күндері теңізде мұнай төгілуінің алдын алу, апатты жағдайларды болдырмау және жою бойынша «Қашаған-2013» оқу-жаттығулары өткізілмек.

altОқу-жаттығудың негізгі мақсаты - НКОК компаниясының мұнай өндіруді бастағанға дейін мұнай төгілуді жоюға дайындық деңгейін байқау. Ол компанияның дағдарыс жағдайларды және апатты жоюды басқару жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу-жаттығу төтенше жағдайлар, әскерилендірілген өрт сөндіру, су жолы қызметтері, көлік инспекциясы, басқа да бірнеше құрылымдардың және консорциумның мүдделі қызметтерінің бірлесе әрекет етуі нәтижесінде өтпек.

Оқу-жаттығу екі кезеңнен және практикалық, теориялық екі бөліктен тұрады. Бірінші кезеңде мұнай төгілуін жоюды аймақтық деңгейде қарастыру көзделсе, екінші кезең үшінші деңгейлі мұнай төгілуді жою бойынша Қазақстан Республикасымен басқа елдерден тартылған халықаралық мердігер ұйымдарының жұмылдыру ресурстарын тексеруді көздейді. Облыстық әкімдікте өткен жиында оқу-жаттығу жұмыстарына қатысты құрылымдық бөлімшелердің дайындығы пысықталды. Жиынды жүргізген Атырау облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Н.Мұхтаров оқу-жаттығуды жүргізу мен оған дайындық деңгейін, салалық құрылымдардың жауапкершілігі мен атқаратын  міндеттерін белгіледі.

АТЫРАУ. 20 наурыз. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту