Министр С. Мыңбаев былтырғы мұнай өндірісінің төмендеу себептерін түсіндірді

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:40
 Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев былтырғы жылы мұнай өндірудің төмен көрсеткіштерінің орын алу себебін түсіндірді.  

«Өткен жылы елімізде мұнай және газ конденсатын өндіру оның алдындағы жылмен салыстырғанда сәл төмен болды. Бұл табиғи процестер мен кейбір мұнайгаз орындарындағы техникалық және геологиялық себептермен және бірқатар кәсіпорындардағы жоспарланған жөндеу жұмыстарымен байланысты болды. Мұнай өндірудің жоспарланған көлемнен айтарлықтай артта қалуы, атап айтқанда, «Теңізшевройлда» жекелеген жағдайларда жабдықтардың жиі тоқтауына байланысты болды. Сонымен бірге Ресей аумағындағы теміржол желілерінің жөнделу себебінен шикі мұнай тасымалы төмендеуге әкеп соқты. «Өзенмұнайгаз» да жоспарлы көрсеткіштерге жете алмады. Себебі 2011 жылғы мұнайшылардың рұқсат етілмеген ереуілдерінен кейін бірқатар кен орындарының тоқтауына байланысты бұрынғы режимге әлі шықпады», - дейді министр С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, жалпы өндіру деңгейінің төмендеуіне Қашағандағы коммерциялық өндірісті бастау мерзімінің кейінге ысырылуы да әсер еткен. Еске салсақ, былтыр елімізде 82 млн. тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Нақты өндірілген өнім 80 млн. тоннаны құрады. 

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігіӨнеркәсіпҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту