Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары 2016 жылдың басында аяқталады

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:48
Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары 2016 жылдың басында аяқталады.

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

altМинистрдің айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту бойынша қаржыландыру, мердігерлермен келісімшартқа қол қою, жұмыс күші секілді шаралар атқарылып, барлық мәселелер шешімін тапқан. Тек, жұмыстардың нақты көлемін уақытында бітіру қажет. «Дегенмен шешімін күтіп отырған мәселе бар, бұл - санитарлық  қорғану аймағының кеңеюіне байланысты тұрғындарды көшіру мәселесі. Осыған орай, Атырау облысының әкімдігіне тиісті қаражат бөлінуі керек», - деді министр.

Ал Шымкент және Павлодар зауыттарын реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаларды іске асыруды жеделдету шаралары да қамтылған. «Жұмыс барынша қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде осы екі зауытты жаңғыртудың мерзімі 2016 жылдың басына жоспарланып отыр», - деді С. Мыңбаев. 

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ӨнеркәсіпҚазақстандық тауарҚР Мұнай және газ министрлігіПарламентМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту