Мұнай министрлігі бензиннің көтерме саудадағы бағасын реттеуге қатысты ТМРА-ның ұсынысын қолдамайды

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:50
Мұнай және газ министрлігі бензиннің көтерме саудадағы бағасын реттеуге қарсы емес, алайда бұл бағытта Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тәсілімен жүруге болмайды.

altБүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттардың сауалына жауап берген Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

Еске салсақ, бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы депутаттар алдында көтерме саудадағы мұнай бағасын реттеу туралы мәселе көтерген еді. «Жанар-жағармай бағасын көтерме саудада реттеуге келсек, бұнда бірқатар мәселелер бар. 2010 жылға дейінгі заңнамада біз бөлшек саудадағы бағаны реттегеніміз жоқ. Әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін, егер ол диминант болса Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көтерме бағаны белгілеп, одан әрі қарай әркім өз қалауымен жүретін. Біз қазір 100 теңгенің төңірегінде әңгіме айтып жүрміз, ал сол 2009 жылдары кейбір өңірлердегі бөлшек саудадағы баға 150-ге дейін көтеріліп кеткен болатын.  Сосын көтерме саудадағы бағаны реттеуге келгенде, неге осыншама делдал көп деген мәселе көлденеңдеген болатын», - деп түсіндірді С. Мыңбаев. 

Оның айтуынша, көтерме саудадағы бағаны соңғы тұтынушылар көтеріп отырған жоқ. Министр мұны бөлшек саудамен айналысатын тараптың көтеріп отырғанын алға тартады. «Көтерме сауданы реттеу мәселесін де осылар айтып отыр. Мұнай және газ министрлігі бастапқыда бұған қарсы емес еді, қазір де қарсы емес.  Дегенмен, біздің жалғыз қарсы болып отырған тұсымыз бар, бұл - егер әр өңірге қарай жеке-жеке көтерме бағаны қоятын болсақ, яғни Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ұсынған тәсіл жүзеге асса, онда көтерме сауда бағасының өзі шашырап, бағынықсыз болып кетеді. Біреуінде көтерме баға 50 теңге болса, екіншісінде 80 теңге болмақ. Ендеше біз тағы да тығырыққа тірелеміз. Сондықтан да, бір сөзбен айтқанда, біз көтерме саудадағы бағаны реттеуге қарсы емеспіз, бірақ бұған айырмаларды айқындайтын тәсілмен ғана бару керек», - деп түсіндірді С. Мыңбаев. 

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ПарламентҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту