С.Мыңбаев: Төртінші мұнай өңдеу зауытын салуды 2016 жылдан бастау қажет

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2013 14:51
- Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Қазақстанда салынатын төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына 2016 жылдан бастап кірісу керек деп санайды.

altМұндай пікірді министр С. Мыңбаев бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлім етті.

«Төртінші зауытты қайда саламыз, бұл әзірше ашық мәселе болып отыр», - дейді министр С. Мыңбаев. Оның айтуына қарағанда, қазіргі үш зауыттағы жаңғырту жұмыстары 2016 жылдың басына қарай аяқталады.

«Мұнай өнімдеріне ішкі нарықтың сұранысы бойынша тәуелсіз бағалаулар мен өзіміздің есептеулеріміз бар. Соған қарағанда, жаңғыртылғаннан кейінгі үш зауыттың қуаты 2024 жылға қарай ішкі сұранысты толық жаба алмауы мүмкін», - деді министр С. Мыңбаев.

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: ҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газПарламент
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту