Қашағанды игеру қыркүйекке дейін басталуы тиіс - Мұнай және газ министрі

размер шрифта: Aa | Aa
23.04.2013 15:40

Қашағанда коммерциялық игеру жұмыстары 2013 жылдың қыркүйегінен кешіктірілмей басталуы тиіс, деп Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

«Әрі кетсе қыркүйек», - деп ол бүгін Астанада үкімет отырысы арасындағы үзілісте Қашағанды игеруге кірісу мерзімінің шегерілуі мүмкін екені туралы сұраққа берген жауабында. 
«2008 жылғы келісімшартқа сәйкес, консорциум республика тарапынан өтелмейтін шығынды мойнына алады. Бірінші қазаннан бастап мүлде ешқандай шығын өтелмейді», деп ол бүгін 2013 жылдың қыркүйегінен кейін игеруді бастау бойынша міндеттер орындалмаған жағдайда қандай санкция қаралған деген сұраққа берген жауабында атап өтті.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев атап көрсеткендей, өнеркәсіптік игеру ертерек болғанын қалаймыз, алайда бюджет табысына оның қатысы болмайды.
Оның айтуынша, игеру мерзімін қыркүйекке шегеру қондырғыны тестілеумен байланысты.

Астана. 23 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту