Қашағанды игеру мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін– Досаев

размер шрифта: Aa | Aa
23.04.2013 15:42

Каспийдің қазақстандық секторында Қашаған кен орнын игеру мерзімі  кейінге қалдырылады деп мәлімдеді үкімет отырысында сейсенбіде экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Кашаган

«Мұнай және газ министрлігі Қашаған кен орнын игеруді бастау мерзімін кейінге қалдыруды ескеріп, жоспарланған көлемде  мұнай өндіруді қамтамасыз ету үшін басқа кен орындары бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда», - деді  Досаев.


Қазақстан алғашқы теңіз мұнайын 2013 жылғы ерте көктемде алады деп жоспарланған болатын, ал 2013 жылғы маусымның соңына қарай консорциум шикізатты өндірудің коммерциялық көлеміне шығады деп күтілген болатын.

АСТАНА, 23  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту