Қазақстандық ҚМГ БӨ І тоқсанда мұнай өндіруді 1% -ға 3 млн тоннаға дейін төмендетті

размер шрифта: Aa | Aa
23.04.2013 15:44

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания»)  «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («CCEL») және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді қосқанда, 2013 жылдың алғашқы үш айында 3 002 мың тонна (тәулігіне 247 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегіден 1 %-ға кем деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Добыча нефти, нефть

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 237 мың тонна (тәулігіне 101 мың баррель) мұнай өндірді, 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда еш өзгеріссіз, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 691 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, 2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 16 мың тоннаға немесе 2%-ға көп, нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 1 927 мың тоннаны (тәулігіне 158 мың баррель) құрап, 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық болды және 2013 жылдың бірінші тоқсанының жоспарына сәйкес келеді.

ҚМГ БӨ-дің CCEL, ҚГМ и ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2013 жылдың алғашқы үш айында 1 074 мың тоннаны (тәулігіне 89 мың баррель) құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өндіру көлемі 44 мың тоннаға, немесе 4 % кем және 2013 жылдың бірінші тоқсанының жоспарына сәйкес келеді.

2013 жылдың алғашқы үш айында ӨМГ және ЕМГ экспорттық саудаға арналған мұнай көлемі 1 490 мың тоннаны (тәулігіне 122 мың баррель) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 505 мың тоннаны (тәулігіне 41 мың баррель) құрады.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-дің үлесі 1 094 мың тонна мұнайды (тәулігіне 92 мың баррель) құрады, оның 972 мың тоннасы (тәулігіне 82 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің 89%-ын құрайды.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2012 жылы 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 247 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.


АСТАНА, 23  сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту