«ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін толығымен газдандырмақ

размер шрифта: Aa | Aa
23.04.2013 15:49
 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның  пайдалануындағы тарату және магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы 2012 жылы 23 509 шақырымға жетті.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы кеше Ақтөбеде өткен қоғамдық тыңдауда айтылды.

Компанияның тарату және магистральдық құбыр жолдары арқылы газ тасымалдау көлемі былтыр 10,7 пайызға артып, 5,719 млрд. текше метрге жеткен. Ал оның  пайдалануындағы тарату және магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы 4 731 шақырымға ұлғайды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары Ғалым Айдосовтың айтуынша,  ҚР Үкіметінің 2010 жылғы қаулысына сәйкес олар газды тасымалдау және жеткізу географиясын кеңейте отырып, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын меншігіндегі газ тарату жүйелерін балансқа қабылдау жөніндегі жұмыстарды ары қарай жалғастырмақ. Мәселен, 2012 жылы компания Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы 3 690 шақырым жоғарғы, орта және төменгі қысымдағы газ құбырларын және ондағы құрылғыларды қабылдады.  Енді Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді толық газдандыруды  жоспарлап отыр.

АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Мұнай-газӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту