«НКОК» компаниясы «Қашаған-2013» жаттығуын өткізбек

размер шрифта: Aa | Aa
24.04.2013 17:56
Атырау облысындағы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани»  «Қашаған-2013» жаттығуын өткізбек.

Мақсат - компанияның Каспий теңізінен мұнай өндіруінің алдында қара алтынның төгілуіне байланысты туындайтын төтенше жағдайларға әзірлігін тексеру.

Оқу-жаттығулар екі кезеңді қамтиды. Алғашқысында аймақтық деңгейде, оның ішінде Атырау мен Маңғыстау облысында мұнайдың төгілуін тоқтату бойынша әрекетті пысықтау қарастырылған. Екінші кезеңдегі шара Қазақстанға мердігерлік ұйымдар арқылы үшінші деңгейдегі қара алтынның төгілуіне жол бермеу мақсатындағы өзге мемлекеттерден тартылған ресурстарды тексеруге бағытталмақ.

 АТЫРАУ. 24 сәуір. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту