
ОҚО-да мұнай ұрлаудан келген шығын 17 миллион теңгеден асты.
размер шрифта: Aa | Aa |
25.04.2013 14:45 | ||
«ҚазТрансОйл» компаниясына келген шығын көлемі 17 млн. теңгені құрады. Мұнай ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен басқа, облыста сондай-ақ, ұрланған мұнайды сатып алатын адамдар ұсталды. Ұрылар қара алтынды мұнай ұңғымаларын ашып ұрлаған, осындай 5 орын анықталды: Созақ, Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам аудандары және Шымкент қаласы аумақтарында. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы бұл қылмыстық істі сотқа жіберді. Бүгінгі күні «SEMSER Security» ЖШС-нің қылмысқа қатысы бар қызметкерлері тұтқынға алынған. Бұл қылмыстық іс бойынша барлығы 16 адамға айып тағылды, олардың 11-і тұтқынға алынған. ШЫМКЕНТ. 24 сәуір. ҚазАқпарат
|
||
Ключевые слова: Мұнай-газОңтүстік Қазақстан облысыПрокуратураҚылмыспен күрес |