Атыраулық қаржы полицейлерінің назарына «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясы ілікті

размер шрифта: Aa | Aa
29.04.2013 14:47
«Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясы филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс тергелу үстінде. Бұл турасында Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Ізжанов мәлімдеді.

Қылмыстық іс 688 млн. теңге көлемінде салықты төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалып отыр.

«Шлюмберже» - әлемдегі мұнай өнеркәсібі қызметін жеткізетін жетікші кәсіпорын. Елімізде «Шлюмберже» 1992 жылдан бері еңбек етуде және ұңғымаларды бұрғылау, сейсмикалық барлау жұмыстары, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу, цементтеу, бағдарламалық қамсыздандыруды орнату және қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. «Шлюмберже» ҚР аумағында жұмыс істейтін ірі мұнай компанияларымен ықпалдастық етеді.


АТЫРАУ. 27 сәуір. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыБасқа меморгандарМұнай-газҚаржы полициясы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту