2013 жылы Қашағанда 3 млн тоннаға жуық мұнай өндіру көзделіп отыр - ҚазМұнайГаз басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
29.04.2013 14:55

Биылғы жылы Қашаған кенішінде 3 млн тоннаға жуық мұнай өн.діру көзделіп отыр, деп «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.

alt«Біз биыл 1,5 млн тоннадан 3 млн тоннаға дейін мұнай өндірмекпіз», - деді ол дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
«Бүгінгі таңда мұндай көлемдегі мұнайды әлемдік нарыққа шығаруға қажетті инфрақұрылым бар, ешқандай проблема жоқ. Алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін арттырамыз: біз КҚК жүйесін кеңейтіп жатырмыз», - деді ол.
Компания басшысының айтуынша, Каспий құбыр консорциумының мұнай өткізу қабілеті 30-32 млн тоннаға жуықтайды.
«Кеңейтілгеннен кейін 67 млн тонна мұнай айдауға мүмкіндік аламыз. Соның жартысынан басымы Қазақстанның еншісінде», - деп атап өтті ол.
«Қашаған мұнайының азырақ бөлігін Ақтау-Баку-Батуми арқылы өткіземіз. Өйткені, ол жақта да біздің компаниямыз - Rompetrol бар, ол мұнайды Еуропа орталығында өңдейді», - деді Л.Қиынов.
«Қазір біз Қашаған, Қарашығанақ пен Теңіздің жеңіл мұнайын Қытайдың шығысына жеткізу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Себебі, бұл да рынок әрі өте қызықты рынок және біздің әріптестеріміз бұл жағын да ойластыруда. Біз Қазақстанның батысы арқылы өтетін Атасу-Алашанкоу мұнай құбырын кеңейту бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Қазір құбыр 12 млн тонна мұнай өткізе алады, оны 20 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр», - деді компания басшысы.

Астана. 29-сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту