«PetroKazakhstan Oil Prodaktions» жас мамандарды қамқорлығына алып жатыр

размер шрифта: Aa | Aa
02.05.2013 13:34
 Интеграция нәтижесінде компанияның өз өнімдерінің сапасын жақсарту үшін және қызметінің тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктер бар. Осы орайда компания түрлі ауқымды істерді атқарып келеді. Сондай-ақ,  серіктестік басшылары әрдайым игі бастамалаға да мұрындық болып жүр. Осындай, маңызды бастаманың бірі  -  студенттердің білімін арттыру, кәсіби тәжірибесін шыңдау және болашақта жұмыс орынмен қамту. Осы орайда, айта кету керек Шымкенттегі "Petro Kazakhstan Oil Prodaktions ЖШС-гі Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-мен көпжылдан бері тығыз қатынаста жұмыс істеп келеді. Яғни, аталмыш мекеме оқу ордасын арнайы құрылғылармен жабдықталған лабораториялармен, тәжірибе кабинеттерімен қамтамасыз етіп отырады. Бұған қоса, тәлімгерлер білімін шыңдау үшін "Petro Kazakhstan Oil Prodaktions ЖШС-де іс-тәжірибеден өтуге де мүмкіндік жасалып отыр. Соңғы 3-4 жылда университеттің «Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасы студенттері де осы мекемеде білім алып, тәжірибеден өтті. Былтырғы жылы серіктестік негізінде 9 студент іс-тәжірибеден өтсе, биыл 8 шәкірт білімін шыңдады.
      Бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының «Химиялық технология және органикалық заттар» мамандығы бойынша тәлім алып жүрген студенттер  "Petro Kazakhstan Oil Prodaktions ЖШС негізінде ашылған оқыту-әдістемелік орталығында өз дипломдық жұмыстарын да қорғап жатыр. Кадр мамандарын оқыту және даярлау бөлімінің үйлестірушісі Еркінбек Қалдыкөзовтің айтуынша, оқуын тәмамдаған студенттер аталған мекемеге жұмысқа қабылданады. Алайда, оларға белгілі бір дәрежелі куәлік бермес бұрын, жас мамандар 2-3 жыл бойы сынақ мерзімінен өтеді екен.  Сынақтан өткен маманға белгілі бір дәрежелі куәлік табыс етіліп,  "Petro Kazakhstan Oil Prodaktions ЖШС-нің маманы атанады .
Кадрларды оқыту және даярлау бөлімінің үйлестірушісі Еркінбек Қалдыкөзовтің сөзіне қарағанда, серіктестікте қызмет атқаратын мамандардың 85% осы оқу ордасының түлектері. «Жыл сайын біздің зауытта 10-15 студент іс-тәжірибеден өтеді. Жұмысқа қабылданған жас маманға міндетті түрде бір жетекші бекітіледі», дейді
 
ОҚМУ-нің «Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының 4-курс студенті Азамат Әлтаев «Қызыл белгі» үміткері. Ол  мұнайдың орташа фракцияларын сутегімен тазалауға арналған катализатордың шыққан тегінің әсерін зерттеу және жылдық өнімділігі 1 млн.50 мың тонна дизель фракциясын сутегімен тазалау қондырғысын жобалау» деп аталатын дипломдық жұмысын сәтті қорғап шықты. Сондықтан, 3 және 4 курста "Petro Kazakhstan Oil Prodaktions ЖШС-де іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
Азамат Әлтаев , студент: « Руслан Набесов есімді жетекшім мені техникалық құралдармен, заводтың тыныс-тіршілігімен, техника қауіпсіздігімен таныстырды. Келешекте білімімді шыңдау мақсатында магистратураға тапсырамын. Орайы түссе осы заводта жұмысқа орналасу ойымда  бар».  
 
Айта кетейік, "Petro Kazakhstan Oil Prodaktions компаниясының қызмет аясына кен орындарын геологиялық барлау, игеру, мұнай мен газ өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнайды және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату кіреді.
 

2 мамыр. Munaigaz.kz тілшісі ЛИЗА СҰЛТАН


 
 
 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту