Жаңа кешенге санитарлық-қорғаныс аймағын құру үшін жеке тұрғын үйлер көшіріледі..

размер шрифта: Aa | Aa
02.05.2013 13:35

Атырау мұнай өңдеу зауытында «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясындағы зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағын құру мәселесі көптен айтылып жүр. Бұл жоба бойынша мұнай өнімдерінің сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, ішкі нарықты сапалы мотор отындарымен қамту, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Жобаны зерттеу және ластаушы заттардың ауада сейілуін есептеу қорытындылары бойынша зауыт үшін 1000 метрлік шекараны қамтитын санитарлық қорғаныс аймағы белгіленген, сәйкесінше АМӨЗ бірінші санатты нысанға жатқызылады және санитарлық қорғаныс аймағының жалпы ауданы 805 гектарды құрайды.  ҚР Үкіметі бекіткен 2012 жылғы 17 қаңтардағы Қаулысына сәйкес Жобаланған зауыттық санитарлық-қорғаныс аймағына жер телімі бар тұрғын үйлер, бақша серіктестіктерінің аймақтары, жеке саяжай және бау-бақша жерлері кіріп отыр. Нақтырақ айтсақ, 110 тұрғын үй және түрлі мақсаттағы 56 жер телімі. Бұдан бұрын зауыт қалалық әкімшілік арқылы көшірілуге жататын тұрғындарға ескерту қағаздарын таратты. Зауыттың қаржылай қолдауымен қалалық әкімшілік мүліктерді бағалап жатыр. Зауыт басшылығы мүлік құнын арзандатуға еш тарап та мүдделі еместігін айтып отыр.

Тұрғындар не себептен көшірілетіндігін түсінді. Бірақ сауал бәрібір көп. Күмәнді ойларды ығыстырып, нақты сауалға жауап беру үшін тұрғындармен кездескен зауыт өкілдері мен мемлекеттік орган мамандарының кездесуі ұзаққа созылды. Тұрғын үй, жер телімі, жеміс ағаштары, шаруашылық құрылыстары бар тұрғындарға жүргізілген бағалауға сәйкес өтемақы төленеді. Айта кетерлік жәйт, бағалау коэффициенті нарықтағы бағадан қымбат болмақ. Өйткені бағалау кезінде моральдық шығын да ескерілмек. Ал Қабдолов көшесі бойында орналасқан жатақхана тұрғындарына өтемақы берілмейді. Олар тең дәрежеде қаланың көпқабатты жаңа тұрғын үйлеріндегі пәтерлерге көшірілетін болады. Яғни, байырғы тұрағының жалпы ауданы қанша болса, жаңа пәтердің ауданы одан кем болмауы тиіс. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген болса немесе тұрғын үй алаңын кеңейту жөніндегі өтініштері болса, мұның барлығы пәтер бөлу кезінде ескеріледі. Ал көшу мәселесі, бүгін-ертең емес. Алдымен бұл мақсатта 2014 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінбек. Тұрғындардың кейбірі санитарлық-қорғаныс аумағына енетін дүкен, кеңсе, өндірістік базалардың «тағдыры» туралы да сұрады. Санитарлық нормалар мен талаптарда бұған шектеу қойылмаған. Екі тарап үшін де оңтайлы шешім қабылданады,- деді жиынды қорытындылаған «АМӨЗ» ЖШС бас директорының даму және қайта жаңғырту жөніндегі бірінші орынбасары Қайрат Оразбаев.

Жалпы «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы» жобасына сәйкес кешен 2016 жылы іске қосылуы тиіс.

Жуырда Атырау мұнай өңдеу зауытында «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру аясындағы зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағына жататын тұрғындарды көшіру мәселесі бойынша Перетаска жұртшылығымен және Зейнолла Кабдолов көшесінде орналасқан 3 екіқабатты үй тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге зауыт басшыларымен қатар, Жайық-Каспий Орхус Орталығының, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» ММ-нің және «Bem Apprisal» бағалау компаниясының өкілдері қатысты. Алғаш боп сөз алған «АМӨЗ» ЖШС бас директорының даму және қайта жаңғырту жөніндегі бірінші орынбасары Қайрат Оразбаев бас қосудың мақсаты тұрғындарға көшіру себептерін жан-жақты түсіндіру екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай кездесу алдағы уақытта да өткізілетін болады.

Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында мұнай өңдеу тереңдігін арттыру және ЕВРО-4 және ЕВРО-5 «Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы» жобасы жасақталды.

Бұл жоба бойынша мемлекеттік өкілетті органдар мен қоғам тарапынан оң қорытындылар алынып, кешен жобасын жүзеге асыру басталып кетті. Мұнай өнімдерінің сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, ішкі нарықты сапалы мотор отындарымен қамту, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін бұл жобаның маңызы ерекше.

ҚР Санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес өндірістік нысандардың міндетті элементтерінің бірі қоршаған ортаға әсерді болдырмау мақсатындағы санитарлық-қорғаныс аймақтары болып саналады. Жобаланған зауыттық санитарлық-қорғаныс аймағына ҚР Үкіметі бекіткен 2012 жылғы 17 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген ҚР санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес санитарлық-қорғаныс аумағында орналасуға тыйым салынған жер учаскесі бар тұрғын үйлер, бақша серіктестіктерінің аймақтары, жеке саяжай және бау-бақша учаскелері еніп отыр.

Осыған орай 2011 жылдың 17 маусымында «ҚазМұнайГаз»ҰҚ»АҚ, қалалық әкімшілік және Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау қаласындағы экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру мақсатындағы үш жақты өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

2012 жылдың 28 қаңтарында ҚР Мұнай және газ министрлігі және «ҚазМұнайГаз»ҰҚ»АҚ өткізген мәжілісте зауыттың СҚҚ аймағына енген тұрғындарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басым бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізу туралы мәселе көтерілді.

2012 жылдың 19 қазанында ҚР Премьер-Министрі Елбасы Жолдауында атап көрсетілген жобалар бойынша мәжіліс өткізді. Мәжіліс қорытындысына сай, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне Атырау облыстық әкімшілігімен бірге Атырау МӨЗ санитарлық-қорғаныс аймағын кеңейту аясындағы тұрғындарды көшіру мәселесін шешуді тапсырды. Бүгінде осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Санитарлық нормалар мен ережелер, ҚР экологиялық заңнамалары талаптарына сәйкес тиісті жобалар жасақталып, мемлекеттік қадағалаушы органдардан қорытындылар алынды.

Бұл туралы тұрғындарға зауыттың қайта жаңғырту және күрделі құрылыс жөніндегі директоры Нұрлан Кейкин түсінік берді.

Жобаны зерттеу және ластаушы заттардың ауада сейілуін есептеу қорытындылары бойынша зауыт үшін 1000 метрлік шекараны қамтитын санитарлық қорғаныс аймағы белгіленген, сәйкесінше АМӨЗ бірінші санатты нысанға жатқызылады және СҚҚ жалпы ауданы 805 гектарды құрайды. Жобаға сәйкес зауыттың санитарлық-қорғаныс аймағында көшіруге жататын жер учаскесі бар 110 тұрғын үй және түрлі мақсаттағы 56 жер учаскесі бар. Олардың ішінде: Речная көшесі – жер учаскесі бар 5 тұрғын үй, Хабаровская көшесі - жер учаскесі бар 8 тұрғын үй, Хабаровская өткелі - жер учаскесі бар 7 тұрғын үй, С.Шәкімов көшесі - жер учаскесі бар 69 тұрғын үй, 30 бау-бақша учаскесі, Досмұхамбетұлы көшесі - жер учаскесі бар 8 тұрғын үй,21 бау-бақша учаскесі, жеке шаруа қожалығы бар 5 жер учаскесі, меншік құқығын дәлелдейтін құжаттары жоқ 13 тұрғын үй, Қабдолов көшесі – 54 пәтерлік /бөлме/ 3 екіқабатты тұрғын үй. Зауыт қолда бар мағлұматтарды қалалық әкімдікке жолдады, ендігі жұмыстар әкімшілік тарапынан жүзеге асырылады.

Бұдан бұрын зауыт қалалық әкімшілік арқылы көшірілуге жататын тұрғындарға ескерту қағаздарын таратты. Зауыттың қаржылай қолдауымен қалалық әкімшілік мүліктерді бағалау жұмыстарын жүргізуде. Қайрат Оразбаевтың айтуынша, мүлік құнын төмендетуге еш тарап та мүдделі емес.

Әрине, тұрғындардың не себептен көшірілетіндігін халық түсінді. Көшірудің себебі түсінікті болғанымен, оның салдарына қатысты сауалдар көп болып шықты. Бұл сұрақтарға «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» ММ-нің өкілі Қайрат Кенжалиев жауап берді. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес меншік құқығы Әділет органдарына тіркелген кезден бастап беріледі. Қайрат Кенжалиевтың айтуынша, көшірілуге жататын тұрғындардың кейбірінде меншік құқығын растайтын құжаттары жоқ. Енді бірінің иелігінде 30 сотық жер болса, құжат бойынша оның тек 6 сотығы ғана ресімделген. Сондықтан да мүлікті заңдастыру мәселесі өзекті боп тұр. – Халық «Қашан көшеміз?», «Мүлкіміз қанша, қашанға бағаланады?», «Қанша мөлшерде өтемақы аламыз?» деп күтіп отыр. Егер меншік құқығын дәлелдейтін құжатыңыз болмаса, мүлкіңіз бағаланбайды, - деп атап айтты ол.

Тұрғын үй, жер учаскесі, жеміс ағаштары, шаруашылық құрылыстары бар тұрғындарға жүргізілген бағалауға сәйкес өтемақы төленеді. Айта кетерлік жәйт, бағалау коэффициенті нарықтағы бағадан жоғары болмақ. Өйткені бағалау кезінде моральдық шығын да ескерілмек. Ал Қабдолов көшесі бойында орналасқан жатақхана тұрғындарына өтемақы берілмейді. Олар тең дәрежеде қаланың көпқабатты жаңа тұрғын үйлеріндегі пәтерлерге көшірілетін болады. Яғни, байырғы тұрағының жалпы ауданы қанша болса, жаңа пәтердің ауданы одан кем болмауы тиіс. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген болса немесе тұрғын үй алаңын кеңейту жөніндегі өтініштері болса, мұның барлығы пәтер бөлу кезінде ескерілетін болады.

Тұрғындарды толғандыратын мәселе – көшірудің басталу мерзімі. Алдымен бұл мақсатта 2014 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс. Қайрат Кенжалиевтың айтуынша, тиісті органдар мемлекет қажеттіліктеріне орай жер телімдерін қайтару туралы қаулы қабылдағаннан кейін тұрғындарға үш ай бұрын жазбаша хабар берілетін болады.

Сауалдардың бір парасы санитарлық-қорғаныс аймағына енбейтін, тиісінше көшірілуге жатпайтын тұрғындар тарапынан түсті. Көштен қалғанды қош көрмейтін олар инфрақұрылым, облыс орталығымен қатынас мәселесі толғандыратындығын айтты.

Тұрғындардың кейбірі санитарлық-қорғаныс аумағына енетін дүкен, кеңсе, өндірістік базалардың «тағдыры» туралы да сұрады. Санитарлық нормалар мен талаптарда бұған шектеу қойылмаған.

«Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы» жобасына сәйкес кешен 2016 жылы іске қосылуы тиіс.

Қайрат Кенжалиевтың айтуынша, қалалық әкімдік тұрғындарды көшіру мәселесімен бірінші рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Тәжірибе мол. Зауыт та бұл жөнінен тәжірибесіз емес. Сондықтан да, бұл мәселе барлық тараптар үшінен оңтайлы шешім табарына сенім мол.

2 мамыр. Munaigaz.kz тілшісі

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту