
Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады-ТМРА
размер шрифта: Aa | Aa |
06.05.2013 16:47 | ||
Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады, деп мәлімдеді сенбіде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов. «Мамырда республика бойынша реттелетін қызметтерге және жанар-жағармайға тарифтер көтерілмейді», - деді Оспанов брифингте. Оның айтуынша,1 мамырдан бастап тек Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында сумен жабдықтау және канализация қызметтеріне шекті тарифтер енгізілді. Семей қаласында сумен жабдықтау тарифтері 1 мың литрі үшін 6 теңгеге, канализация қызметінің тарифтері 1 мың литрі үшін 3,6 теңгеге қымбаттап отыр. АСТАНА, 4 мам –Қазақстан жаңалықтары АА.
|