ҚазМұнайГаз 2012 жылы таза табысын 413 млрд теңгеге дейін 13,6%-ға қысқартты

размер шрифта: Aa | Aa
06.05.2013 16:48

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2012 жылы есепті мерзімдегі шоғырландырылған табысы 413,4 млрд. теңге болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі алдын ала аудиттелмеген есепке сілтеме жасап. 

КМГ

Жалпы алдын-ала мәліметтерге қарағанда, ҚМГ-ның түсімі есептік мерзімде 2,960 триллион теңгені құрады,  жалпы табыс 869,6 миллиард теңге (өсім 10,2%), операциялық қызметтен табыс 280 миллиард теңге (өсім 20,2%).

Есепке сәйкес, ұлттық компанияның активтері 2012  жылы 6,834 триллион теңгеге дейін 10,6%- ға өсті, міндеттемелер 3,240 триллион теңгеге дейін 7,5%-ға артты. КМГ-ның жеке капиталы өткен жылы 3,594 триллион теңгеге дейін 13,6%-ға өсті.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

АСТАНА, 6 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту